$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұшақта заң бұзған Германия азаматы жауапкершілікке тартылды

Астана-Варшава бағытындағы әуе рейсінде ол жолаушылар мазасын алған

Ұшақта заң бұзған Германия азаматы жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Ұшақта заң бұзған шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 356 азаматты түсірді. Оның ішінде:

  • 175 жолаушы алкогольдік ішімдіктер ішкен
  • 19 жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін
  • 19 тұлға әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзған.

«Мәселен, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Астана-Варшава бағытындағы әуе рейсінен құқық бұзушыны түсіріп алды. Тексеру барысында полицейлер 49 жастағы Германия азаматын анықтады. Ол мас күйде экипаждың талаптарын орындамаған», - деп хабарлады ІІМ.

Шетелдік азамат алкогольдік ішімдік ішкені, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары