Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті халықтан кешірім сұрады
Ол видеода 1 ақпанда өз еркімен барып берілетінін хабарлаған

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті Нұрболат Дакебаев ақ халаттылардан кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Құрметті қазақ елі, 2024 жылдың 1 ақпанында өзім барып берілмекшімін. Беріліп жатқан себебім, өзімнің істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Уайымға салындым. Мен кешірім сұраймын. Ақ халаттылардың барлығынан да кешірім сұраймын. Зиян тигізетін ойым болған жоқ. Ондай ой болмайды да. Қол жұмсап, менен зәбір көрген бауырымнан да кешірім сұраймын. Мұсылман бауырлар, мені кешіріңіздер. Мен өз қателігімді түсініп отырмын», - дейді Дәкебаев.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.
Еске сала кетейік, 27 қаңтарда әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып жатқан видеосы тарады.Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.