$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«5 жұмысшы зардап шекті»: Бішкектегі жылу орталығында апат болды

Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз

«5 жұмысшы зардап шекті»: Бішкектегі жылу орталығында апат болды
Фото: 24.kg

Бішкектегі жылу орталығында апат болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Жылу орталығындағы қазандықтардың бірі жарылған. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз.

Қаладағы пәтерлерде бүгін таңертең ыстық су болмады, батареялардың температурасы да айтарлықтай төмендеген.

Елдің энергетика министрлігі Бішкек жылу орталығындағы апат фактісін растады. Ведомствоның мәліметінше, бүгін түнде сағат 3:00 шамасында ЖЭО аумағында жарылыс болған.

Апат салдарынан 5 жұмысшы зардап шекті. Оның екеуінің жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр.

Жарылыс бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Бейне әлеуметтік желілерде тарады.

Бішкек билігі қаланың ыстық су мен жылыту жүйесін екі-үш күнде қалпына келтіруге уәде берді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#апат #Бішкек #ЖЭО