$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2024, 13:21
Оқиғалар

Қызылорда облысында келінін соққыға жыққан қайын ата жауапқа тартылды

Ер адам келінін бірнеше мәрте ұрып-соққан

Қызылорда облысында келінін соққыға жыққан қайын ата жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында келінін соққыға жыққан ер адам сот қаулысымен жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық соттың баспассөз қыземті хабарлағандай, Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-2-бабының1-1 бөлігі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

«М. алкогольдік мас күйінде отбасылық жанжал барысында бірге тұратын келіні Н.-нің қолын қайырып, бетінен ұрып, тән ауруына ұшыратып, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекетiн жасаған», - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Тақырыпқа орай: Енді әйелін ұрып-соққандар қылмыстық жауапқа тартылады

«Жәбірленуші Н. қайын атасы М.-ның мұндай әрекеттерді бірнеше рет қайталағанын айтып, оны жауаптылыққа тартуды сұрады. Сот қаулысымен М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабының 1-1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары