$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2024, 12:26
Оқиғалар

Өскеменде белгілі спортшыны атып кеткен ер адам 13 жылға сотталды

Эльер Юнусметов осы жылдың 13 қаңтарында өлтірілді

Өскеменде белгілі спортшыны атып кеткен ер адам 13 жылға сотталды
Фото: insporttv.kz

Өскемен қаласында ережесіз жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эльер Юнусметовті атып кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың 13 қаңтарында болған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Эльер Юнусметовті белгісіз біреу подъез алдында мылтықпен атып кеткен. Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні ұстады.

«Айыпталушы ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарламаған тағы бір сотталушы 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Серіктес жаңалықтары