Алматыда тамағына темір істік кіріп кеткен баланың жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер баланың денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр
Алматыдағы дәріхана қоршауының темір істігін тамағына кіргізіп алған 9 жасар балаға хирургтар 1,5 сағат бойы операция жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2015 жылы туған баланы құтқарушылар мен ата-анасы Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген. Еріп келген әкесінің айтуынша, бала 1,5 сағат бұрын велосипедтен темір қоршауға соғып, жарақат алған.
Алғашында дәрігерлер баланың жағдайының ауыр екенін айтқан. Науқас ауруханаға тамағына кіріп кеткен темір істікпен бірге жеткізілді.
«Жарақат нәтижесінде баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған», - дейді жоғары санатты дәрігер, Орталықтың жақ-бет хирургы, м.ғ.к. Аида Оразаева.
Дүйсенбі күні науқас жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөлімшесіне аустырылды, ем қабылдап жатыр. Баланың жағдайы тұрақты екенін айтады дәрігерлер.
Еске салайық, Алматыда дәріхана қоршауының темір істігі баланың тамағына кіріп кеткен. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, дәрхана Шешен көшесі мен Станиславский көшесінің қиылысында жекеменшік аумақта орналасқан. Қазіргі уақытта нысан иесімен қоршаудың көзінн жою туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды.