Ақтөбе облысында 139 млн теңгеге бағаланған мұнай жеке мақсатта өндірілген
3,5 мың тонна «қара алтын» мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақтөбе облысында шикі мұнайды заңсыз өндірген «Сайғақ Қазақстан Б.В.» компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, лазауымды тұлға 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі аралықта «Сайғақ» кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырған. Бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталған.
«Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған. Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді. Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады ҚМА.
Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.