Ақмола облысында бір отбасы түгелдей суға батып кетті
Екі ер адамның денесі әлі іздестіріліп жатыр
Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, 4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған.
«Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомстводан отбасы мүшелерінің шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткені айтылды.
Осы орайда Ақмола облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.