06.08.2024, 13:07
Оқиғалар
Елдос Сметов әкесін арқалап жүрген бейнежазба көпшілік талқысына түсті
Спортшы Париждегі жеңісінің құрметіне Таразда той берген
Фото: скриншот
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің той үстінде әкесін арқасына салып, тасып жүрген видеосы әлеуметтік желіге жүктелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбада көргеніміздей, дзюдошы мейрамхананың бірінде әкесін арқалап, қошемет көрсеткен топтың ортасынан жүріп өткен.
Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, Елдос Сметов Париждегі жеңісінің құрметіне Тараз қаласында үлкен той жасаған.
Еске салсақ, Олимпиада ойындарынан оралған спортшыны Жамбыл жұртшылығы Тараз қаласының шығыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алған. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев оған 5 бөлмелі пәтер мен қымбат көліктің кілтін табыс етті.
Видео: t.me/khabartv_kz/
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды