06.08.2024, 13:00
Оқиғалар
Астана тұрғыны субұрқақ саптамаларын ұрлап кеткен
Полиция күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz
Астанада полиция субұрқақ саптамаларын қолды қылған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түнгі уақытта елорда саябағының бірінде белгісіз ер адам субұрқақтың үш дана саптамасын ұрлап әкеткен, осылайша 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды анықтады. Ол субұрқақ саптамаларын металл қабылдау пунктіне өткізгенін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
