14.01.2024, 14:03
Оқиғалар
Өскеменде оқтан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды
Күдікті қамауға алынды
Фото: polisia.kz
Қала тұрғындарының бірі 102 арнасына қоңырау шалып, көпқабатты үйдің кіреберісінің жанында қансырап жатқан адам туралы хабарлама берген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамның өлі екенін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қазақстан көшесінде болған.
«Полиция келген кезде мәйіт табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды», - деп қосты ДП.
Күдікті ұсталды.
Қазір ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.
«Бейресми мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам 1990 жылғы азамат, күдікті 1997 жылы туған», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты