14.01.2024, 13:47
Оқиғалар
Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, адамдар құтқарылды
Құтқарылған 14 адамның ішінде 8-і балалар
Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген хабараламада.
ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
