$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2020, 00:51
Оқиғалар

Ернар Айдар заңсыз ұтыс өткізді деген күдікке ілінді

Ол 24 сәуір күні ұсталған еді

Ернар Айдар заңсыз ұтыс өткізді деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жалған лотерея ойынын ұйымдастырғандарды анықтады. Олардың арасында елге танымал әнші Ернар Айдар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олар әлеуметтік желілерде ұсталғандар жалған лотерея өткізіп, төрт автомобильді (екі седан мен екі джип), Алматыдағы бір бөлмелі пәтерді және тұрмыстық техниканы ұтысқа қойған. Шын мәнінде, ұйымдастырушылардың меншігінде мұндай жүлде болмаған, олар адамдарды алдау және қатысушыларды сендіру үшін жеке тұлғалардан төрт автокөлікті жалға алған. Интернетте жарнама арқылы 20 мың лоторея билеті сатылған. Әр билеттің құны – 9 900 теңге. Кездейсоқ сан арқылы жеңімпазды анықтауға арналған қосымшаға ұтысқа ие болатын билеттер нөмірі алдын ала енгізіліп қойған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, 24 сәуірде әнші Ернар Айдар мен тағы 12 адам тікелей эфир кезінде қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары