$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 15:15
Оқиғалар

Карантин басталғалы Алматыда 2 мыңға жуық адам жазаға тартылған

577 адам әкімшілік қамауға алынды

Карантин басталғалы Алматыда 2 мыңға жуық адам жазаға тартылған

Олардың көбі блок-бекеттерді айналып өтпек болған. Жалпы, карантин енгізілген сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзған 1 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде 577 адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған. 1054 адамға айыппұл салынса, 334 адамға ескерту жасалған.

«Көшеде негізсіз жүргені үшін 1 561 тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 6-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалаға кіру тәртібін бұзып, бақылау-өткізу пункттерін айналып өткен 397 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 169 қамауға алынды, 184 айыппұл салынса, 44 адамға ескерту жасалды. Қалада орнатылған 41 тосқауыл бекетінде 54 мыңнан астам көлік тексерілді. Тек өткен тәуліктің өзінде қалада рұқсатсыз жүргені үшін 34 жүргізуші ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды», - деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Алматыда карантин режимі енгізілгелі бері қоғамдық тәртіпті сақтауға 5 330 қызметкер жұмылдырылған. Оған полиция департаменті өкілдерінен бөлек, әскерилер, Ұлттық ұлан сынды барлық күш құрылымдарының қызметкерлері тартылған.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары