$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 12:33
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда үй ауласына кешкі 20.00-ден кейін шығуға болмайды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті

Нұр-Сұлтанда үй ауласына кешкі 20.00-ден кейін шығуға болмайды

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайғы 11 мамырға дейін соза отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалаларында карантинді жеңілдеткен болатын.

Сол жеңілдіктің бірі – қала сыртында саяжайы бар адамдардың егін егуіне, ал көпқабатты үйлердегі азаматтар балаларын аулаға ойната алады деген мүмкіндік еді.

«Біз саяжайларға шығатын арнайы уақытта белгіледік. Карантин аумағында таңғы 06.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін өздерінің жеке көлігімен саяжайға бара алады. Қолдарында саяжайдың құжаты не оның көшірмесі немесе жер учаскесінің қандай мақсатта пайдаланатыны туралы құжаты болуы керек. 65 жастан асқан азаматтардың саяжайға бармағаны абзал», - деді Бақтияр Мәкен.

Ал, көпқабатты үйлердің ауласында серуендеудің талабы бұдан да қатты. Әкім орынбасары айтқандай, аулада бір үйдің адамдарын қоспағанда, үш адамнан артық жиналуға болмайды.

«Кәмелет жасына толмаған балалар ата-анасының немесе 18 жасқа толған туған-туысының бақылауынсыз аулада ойнай алмайды. Аулаға шыққан азаматтардың қолында медициналық қолғап киіп, медициналық маска тағып, ең бастысы, жеке басын куәландыратын  құжатын алып шығуы керек. Адамдар балаларымен өзі тұратын үйдің ауласында ғана серуендей алады. Аулаға сағат 06.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін шығуға рұқсат», - деді Бақтияр Мәкен.

Серіктес жаңалықтары