Ақтауда басына диван түсіп көз жұмған тұрғынға қатысты іс қайта тергеледі
39 жастағы азамат 8 ай бойы ауруханада жатып, ақыры қайтыс болды
Бас парокуратура Маңғыстау облыстық полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөліміне («кісі өлтіру») ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған. Салдарынан 39 жастағы азамат сал болып қалды. Науқас 8 ай бойы ауруханада жатып, ауруынан айыға алмай қайтыс болды.
Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда кінәліні таба алмай, іс тоқтап қалған.