$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мойын омыртқасы сынған»: Ақтауда өтіп бара жатқан адамның басына диван құлаған

Диванды бәзбіреулер 6-қабаттан лақтырып жіберген

«Мойын омыртқасы сынған»: Ақтауда өтіп бара жатқан адамның басына диван құлаған

Өтіп бара жатқан адамның үстіне терезеден лақтырылған диван құлаған. Ер адамның мойын омыртқасы сынып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де облыс орталығының 11-шағын ауданының 41-үйінде болды. Алтыншы қабаттағы пәтердің тұрғындары диванды төменге лақтырып жіберген.

Ауыр жиһаз 39 жастағы ер адамның үстіне құлады. Ол ес-түссіз күйінде жедел жәрдем көлігімен қабылдау бөлмесіне жеткізілді.

«6-қабаттағы пәтерде көпбалалы, 11 баласы бар отбасы тұрады дейді. Оқиға кезінде 12-13 жас аралығындағы жасөспірім көрінген. Олардың айтуынша, ата-аналары үйде болмаған. Біз диванды тастаған сәтті көрген куәгерлерді іздейміз», - деді жәбірленушінің ағасы Аман.

Қазір жәбірленуші ауруханада. Туыстарының айтуынша, оның мойын омыртқасы сынған, қолдары мен аяқтары жұмыс істемейді.

Жәбірленушінің ағасы айтқандай, полиция қызметкерлері кешке ғана келген. Учаскелік бөлімше анықтағандай, диван алтыншы қабаттан лақтырған.

Серіктес жаңалықтары