10.07.2024, 12:37
Оқиғалар
Биыл 102 бала терезеден құлап кеткен
Оның ішінде 7 бала көз жұмған
Фото: freepik.com
Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек немесе қайтыс болатынын атап өткен жөн.
«Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабарлама түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелді», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді