26.04.2020, 15:27
Оқиғалар
ШҚО-дағы орман өрті сөндірілді
Өрт аумағы 3948 гектар болды
Фото: баспасөз қызметінен
Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерват аумағындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт 25 сәуірде 19:00-де сөндірілді. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орындарына оралып жатыр», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР күштері мен құралдары жұмылған.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үшінші тәулік бойы орман өртін сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді