Таразда көппәтерлі үйдің алдынан ер адамның мәйіті табылды

50 жастағы ер адам пышақ жарақатынан мерт болған

Таразда көппәтерлі үйдің алдынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: ПД баспасөз қызметі

26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінде ессіз жатқан адам табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның пышақ жарақатын алып, қаза тапқанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады.

«Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.