25.04.2020, 13:20
Оқиғалар
ШҚО-дағы орман өрті әлі сөндірілмеді - ТЖД
Өрт аумағы шамамен 2500 гектарды қамтиды
Фото: баспасөз қызметінен
Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер үшінші тәулік бойы орман өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
ШҚО ТЖД өкілдерінің айтуынша, өрт 23 сәуірде «Семей орманы» аумағында басталған. Өрт аумағы шамамен 2500 гектарды қамтиды.
«Өрт сөндіру жұмыстары тоқтаусыз, тәулік бойы жүріп жатыр. Өрттің тез таралуының негізгі себебі - күшті жел. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығу себебі - отты дұрыс пайдаланбау. Өртті сөндіруге 400-ден астам адам, сондай-ақ ШҚО авиациялық бөлімшесінің тікұшақтары мен ҚР ІІМ ТЖК Қазавиақұтқарудың Ми-26 тікұшағы жұмылдырылды», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді