Павлодар облысында тағы 10 адам коронавирус жұқтырды
24.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі
COVID-19 Екібастұз қаласының алты тұрғынынан анықталды, атап айтқанда, 1960, 1962, 1966, 1977, 1987, 1988 жылғы ер адамдар, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Сондай-ақ коронавирус инфекциясы Павлодар қаласының үш тұрғынынан табылды, олар 1970 жылы туылған ер адам және 1963, 1991 жылдары туылған әйел адамдар және Ақсу қаласында тұратын 1992 жылғы әйел. 10 адамның 9-ы короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған. Павлодардың 1963 жылғы тұрғыны алдын ала пневмония диагнозымен түскен, 24.04.2020 ж. оның коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.
Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
24.04.2020 ж. сағат 23:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 76 адам тіркелген.