Аз ба, көп пе: алқабилер соты екі баласын өз қолымен өлтірген қызылордалық әйелді 15 жылға соттады
Сот процессіне журналистер қатысты
Түркістан облыстық соты оны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Хамитқызы Бота ҚК 99 - бабы 3 - бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостанғынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді соттан.
Қылмыстық істі бірнеше ай бойы алқабилер қараған. Сот процессіне сотталушы мен алқабилерді фото, видеоға түсірмеу талабымен журналистердің қатысуына рұқсат берілді.
Күдікті қылмыстық атқару жүйесі орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болады.
Сондай-ақ туған балаларын өлтірген әйелден қылмыстық іс бойынша процесс шығыны 458 061 теңге және жәбірленуші өтемақы қорына 110 760 теңге мемлекет пайдасына қаражат өндіріледі.
Еске салсақ, ақпан айында Түркістан облысындағы жалдамалы пәтерде балаларын өз қолымен тұншықтырып өлтірген әйел ұсталған болатын. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.