Саясат Нұрбек субұрқаққа түсіп, қаза тапқан оқушы туралы тың мәлімет айтты (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Министрдің айтуынша, бала ҰБТ тапсырым үлгермеген

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірнеше күн бұрын Әл-Фараби университетінің маңындағы субұрқақ маңында мәйіті табылған оқушыға қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Саясат Нұрбек атап өткендей, марқұм ҰБТ тапсырмаған. Өйткені, сол күні қала бойынша электр қуаты сөніп, тест тапсыратын күн басқа датаға ауыстырылған. Марқұм қаладағы 185 мектептің түлегі болған.

«2024 жылдың 19 маусымы күні 185-мектептің 11-сынып оқушысы әл-Фараби университетінің аумағында орналасқан ҰБТ тапсыру орнына келген. Түстен кейін күн қатты ыстық болған, оқушы тыйым салынғанына қарамастан, фонтанның ішіне кірген. Баланың өліміне не себеп болғанын сараптама бүгін айтуы керек еді. Бірақ, таңертең сараптама қорытындысын алып үлгерген жоқпын. Егер уақыт берсеңіздер, палатаның бірлескен отырысы аяқталған соң, сараптама қорытындысын айтып беремін», - дейді Саясат Нұрбек парламент кулуарында.  

Министр хабарлағандай, алдын-ала болжам бойынша баланың өліміне екі фактор себеп болған: не жүрегі тоқтаған, не тоқ ұрған.

«Оқушы ҰБТ тапсырып үлгермеген. Яғни, ҰБТ-дан шыққаннан кейін фонтанға түскен жоқ. Өйткені, Алматы қаласында тоқ үзілген жоқ, тест тапсыратын уақытты 23 маусымға ауыстырғамыз», - деді министр.

«Ал, егер сараптама баланың өлімі университет аумағындағы фонтанның ақауынан болғанын көрсетсе, университет мойнына жауапкершілік ала ма?» деген сұраққа Саясат Нұрбек «алдымен өлімнің себебін анықтау керек» деп жауап берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.