$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 17:24
Оқиғалар

Теңіз кенішінде коронавирустан қауіптенген 500 адам жұмысқа шығудан бас тартты

Кен орны аумағында екі адамның инфекция жұқтырғаны белгілі 

Теңіз кенішінде коронавирустан қауіптенген  500 адам жұмысқа шығудан бас тартты

Теңіздегі Сана вахталық лагерінде тұратын 500-ге жуық қызметкер бүгін жұмысқа шығудан бас тартты. Олар өз әрекеттерін «Бірлік» ауысымдық лагерінде науқастан коронавирус анықталғанымен және өндіріс орнында инфекция таралу қаупі бар болуымен түсіндірді, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

«Облыстық штабтың мәліметінше, қазіргі кезде компания басшылығы мен Жылыой ауданының әкімдігі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, тараптар барлық жұмысшыларман жедел тест тапсыруға келіскен, ал нәтиже жария болған соң, сау адамдар 22 сәуірде жұмысқа барады. Осы екі күннің  жалақысы сақталады. Егер басқа да науқастар анықталса, ауруханаға жатқызу бойынша шаралар қабылданады», - деп жазады басалым.

Жалпы, кен орнындағы жағдай соңғы күндері тұрақсыз – індет жұқтырғандар шыққан соң, жұмысшылар алаңдаушылық білдіріп, өз талаптарын қоя бастады. Кеше кешке «Болашақ» вахталық лагеріне жедел тестілеуге басқа ауылдардан жұмысшылар әкелінген. «Болашақ» тұрғындары оған қарсы шықты.

Бүгін белгілі болғандай, Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтің басшылығымен арнайы жұмыс тобы құрылған. Ол Теңізге барып, қызметкерлерді тұрғылықты жерлеріне жеткізуді ұйымдастырады.

Серіктес жаңалықтары