$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 14:18
Оқиғалар

Карантин кезінде моншада демалған шенеуніктерге қатысты тергеу басталды

Оқиға 18 сәуірде Көкшетау қаласындағы моншалардың бірінде болған

Ақмола облысында карантин уақытында моншада демалыс ұйымдастырған Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев мәлімдеді.

«Аталмыш факт бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шара қабылданады», - деді Нұрбек Нәбиев.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Ақмола облыстық Полиция департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары төтенше жағдайда монша кешенінде демалыс ұйымдастырғанын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға 18 сәуірде сағат 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған. Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласында рейд жүргізіп, «Избушка» монша кешені иесі төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады. Монша кешенін тексеру кезінде ішінде төрт адам болған.

Серіктес жаңалықтары