$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 13:42
Оқиғалар

Қытайдан келген дәрігерлер алматылық мамандардың жұмысына баға берді

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді

Қытайдан келген дәрігерлер алматылық мамандардың жұмысына баға берді

Өткен аптада коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету үшін Қытайдан бір топ медицина маманы келген болатын. Олар 2 апта бойы өңірлерді аралап, тәжірибесімен бөліседі.  

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, Қытайдан келген делегация Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларынан кейін Алматы қаласында болды. Құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандары бар делегация Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді.

«ҚХР-дан келген мамандар Алматы дәрігерлерінің коронавирусқа қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты», - делінген хабарламада.

Қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясын ең көп жұқтырған – Алматы қаласы (535 адам). Мегаполисте әзірге қауіпті індеттен жазығандардың саны 85-ке жетті.

Серіктес жаңалықтары