$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 10:51
Оқиғалар

Әлем және коронавирус: науқастар саны 2,5 млн-ға жуықтады

Дүниежүзі бойынша 165 мыңнан астам адам қауіпті індет құрбанына айналды

Әлем және коронавирус: науқастар саны 2,5 млн-ға жуықтады
Фото: ашық дереккөзден

Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бүгінгі таңда 2 407 414 адамға жетті. 625 199 адам ауруынан жазылып шықты. Ал 165 073 адам қауіпті індет құрбанына айналды. Бұл worldometers.info  сайтында келтірілген деректер.  

АҚШ – әлемде ең көп науқастар тіркелген ел болып отыр. Бұл елде 764 265 адам ауру жұқтырса, індет басталғалы 40 565 адам бақилық болды. 71 012 науқас ауруынан жазылып шықты.

Испанияда 198 674 адам коронавирус жұқтырған. Індет басталғалы 20 453 науқас көз жұмған Испанияда 77 357 адам қауіпті вирусты жеңіп, жазылып шықты.

Италияда ауру жұқтырғандар саны 178 674 адам болды. Індет басталғалы 23 660 адамынан айрылған бұл елде 47 055 пациент қауіпті дерттен сауығып шықты.

Францияда 152 894 адам ауру жұқтырған. Бұл елде COVID-19 індетінен 19 718 адам бақилық болды. 36 578 адам дертінен сауықты.

Германияда 145 742 адам қауіпті індетке шалдықты. 4642 адам қайтыс болды. 88 000  пациент ауруынан сауықты.

Ұлыбританияда жалпы саны 120 067 адам қауіпті вирус жұқтырған. Бұл елде коронавирустан көз жұмғандар саны 16 060 адамға жетті.

Иранда да 82 211 адам ауру жұқтырған. 5118 өлім жағдайы тіркелді. 57 023 адам ауруынан сауығып шықты.

Түркияда 86 306 адам ауру жұқтырса, қайтыс болғандар саны 2017 адамға жетті.   

Қытайда COVID-19 індетімен ауырғандар саны 82 747 адамға жетті, оның ішінде 77 084 адам ауруынан сауығып шықты. Жалпы, елде 4632 өлім жағдайы тіркелген.

Ресейде қауіпті індет жұқтырғандар саны 42 853 адам болды. Барлығы 361 пациент көз жұмды. 3291 адам сауығып шықты.

Өзбекстанда 1565 адам қауіпті инфекция жұқтырды, 225 адам жазылып шықты. Барлығы 5 адам коронавирустан көз жұмды.

Қырғызстанда 554 адам індетке шалдықты, 5 адам бақилық болды, 133 науқас емделіп шықты.

Қазақстанда бүгінгі күні 1735 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Қауіпті індеттен 19 адам көз жұмды. 401 адам ауруынан жазылып шықты.  

Серіктес жаңалықтары