$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2020, 10:14
Оқиғалар

Оралда 58 жастағы тұрғын коронавирус жұқтырған

Ол бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған

Оралда 58 жастағы тұрғын коронавирус жұқтырған

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында тағы бір адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады. 

Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты 58 жастағы оралдық тұрғын үй карантиніне жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған.

«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен одан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

20 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 63 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны ‒ 2.

Серіктес жаңалықтары