20.04.2024, 23:54
Оқиғалар
Шымкентте скутер мен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды
Апат кезінде автобуста жолаушылар болған
Фотоколлаж Azattyq Rýhy
Шымкентте автобуспен соқтығысқан скутер жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 16:30-да Гагарин көшесінде болды.
Апат куәгерлерінің айтуынша, шамамен 50 жастағы скутер жүргізушісі рульдің істен шығуына байланысты №126 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін бірден шақырған.
Алайда дәрігерлер зардап шеккен адамға көмектесе алмады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Апат кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ.
Жол-көлік оқиғасынан кейін скутер мен автобус жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары анықталғанға дейін тұраққа жіберілді.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
