$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2024, 22:16
Оқиғалар

Оралда есірткіге мас күйдегі ер адам полицейден қашып, суға секіріп кетті

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оралда есірткіге мас күйдегі ер адам полицейден қашып, суға секіріп кетті
Фото: Polisia.kz

Орал қаласында өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам есірткіге елітіп алған күйде көлікке отырып, тағы да заң бұзушылық жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Мирлан Жанұзақов пен Арман Көшігенов Жайық өзенінің маңындағы 1, 2, 3 саяжай ауданында патрульдеуді жүзеге асыру кезінде, күмәнді Ваз-2110 автокөлігін байқайды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талаптарын елемей, қозғалысын жалғастыра берген.

Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төнуі мүмкіндігін ескеріп, полицейлер оның соңынан ерген. Біраз жүргеннен кейін жүргізуші көлікті тоқтатып, өзі жаяу қаша жөнеледі. 150-200 метрге жүгіргеннен кейін ол суға секіреді. Полиция қызметкерлері оны судан шығарып, қашқынды құтқарды.

Құқық бұзушының бұрын сот шешімі бойынша жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін көлік құралын өмір бойы басқару құқығынан айырылған Подстепное ауылының тұрғыны екендігі белгілі болды.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші есірткіге мас күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары