19.02.2024, 11:12
Оқиғалар
Елордадағы жиһаз цехында шыққан өрт сөндірілді
Қызыл жалын сағат 10:14-те оқшауланды
Елордадағы жиһаз цехында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін таңертең Астана қаласында орналасқан жиһаз цехында өрт шыққаны хабарланған еді.
«Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
