«Кәмелетке толмаған»: ел бойынша бір айда көлік басқарған 12 бала қаза тапты

Аягөз Құрмаш

Жалпы қаза тапқан 15 бала тіркелген

«Кәмелетке толмаған»: ел бойынша бір айда көлік басқарған 12 бала қаза тапты
Фото: depositphotos.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова республикалық акцияның қорытындысы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында 15 ақпаннан бастап балалардың жол-көлік жарақатына бағытталған «Сіздің балаңыз жолаушы!» акциясы өткізіліп жатыр.

Республика бойынша бір айда біз 15 кәмелетке толмағандардан айырылдық, оның 12-сі жолаушы рөлінде болды және ата-аналардың абайсыздығынан қаза тапты», - деді Боранова.

Оның айтуынша, жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аудару қажет.

«Әсіресе, ауа-райының нашарлауы кезінде, жолдар қауіпті болған кезде мұқият болған жөн. Мен сізддерді әсіресе тәртіпті сақтауға және жол ережелерін құрметтеуге шақырамын. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз жолдарда қауіпсіз орта құра аламыз және қозғалыстың барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз.Барлығына белгілі, ауа-райының қолайсыздықтары барлығын тығырыққа тіреді, бірақ біздің қызметкерлер қарлы тұтқында қалғандардың барлығына көмектесу үшін тынымсыз жұмыс істеді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында цифрлық шешімдер енгізілуде», - деді ол.

Ол атағандай, қазір жолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін 22 мың автоматты камера орнатылған.

«Олардың көмегімен барлық бұзушылықтардың 50% -ы тіркеледі.

Сондай-ақ, біз қасақана құқық бұзушылар бойынша жұмыс жасаймыз. Біз «Қорғау» бағдарламасын қолданамыз. Бұл бағдарлама жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережелерін бұзатын және айыппұлдарды төлемейтін көліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.