19.02.2024, 10:22
Оқиғалар
Ақмола облысында үй өртеніп, ер адам қаза тапты
Оқиға орнына 1966 жылы туған ер адамның денесі табылды
19 ақпанда 04:45-те Ақкөл ауданында Еңбек ауылы, Целинная көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт болды, өрт 65 шаршы метр алаңды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шақыру орнына ТЖД күштерінің жеке құрамының 7 адамы және 2 техникасы дереу жіберілді.
«06:55-те оқшауланған өрт 08:18-де толықтай сөндірілді. Өрт орнында үйінділерді талдау барысында 1966 жылы туған ер азаматтың денесі табылды. Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарласу қажет», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
