Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Фото: inbusiness.kz

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 2024 жылғы 15 ақпанда облыстық маңызы бар «Өскемен-Горная Ульбинка – Северное» автожолының учаскесінде жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 600 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті. Жол алдын ала жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Қазіргі уақытта жол қызметтерінің техникасы учаскені тазартуда. Жол жабық күйінде қалады.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков атап өткендей: «Өңірде қар көшкінінің өздігінен түсу мүмкіндігі туралы дауылды ескерту жарияланды, осыған байланысты біз облыс тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан бас тартуды ұсындық. Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, бірақ біз алдын ала беткейлерден қар массаларын бақыланатын түсіру жұмыстарын жүргіздік. Осылайша тұрғындар мен автомобиль жолдарының учаскелері арқылы өтетін көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Алдағы күндері бұл профилактикалық жұмыс жалғасады», - деп хабарлады ТЖМ.

ШҚО ТЖД өңірде қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлайды.  Халық құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ асып, таулы жерлерге және қар көшкіні қаупі бар учаскелерге бармауы керек.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.