15.02.2024, 10:33
Оқиғалар
Теміртаудағы дүкендердің бірінде болған газ жарылысынан бір адам көз жұмды
Үйінді астынан әйелдің денесі табылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Теміртаудағы дүкендердің бірінде болған газ жарылысынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сағат 09:49-да үйіндінің астынан қайтыс болған әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылысы болып, нысан қирап қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қиранды астында қалған бір адамды құтқарды. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр екені хабарланды.
Құтқару жұмыстарына 177 адам және 38 техника жұмылдырылды. ТЖД базасында және сол жерде жедел штабтар орналастырылды. Жедел желі телефоны мен психологиялық көмек ұйымдастырылды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы