$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2024, 09:13
Оқиғалар

«Үйінді астында адам бар»: Теміртауда дүкенде газ жарылды

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр 

«Үйінді астында адам бар»: Теміртауда дүкенде газ жарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылысы болып, үйінді астында қалған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«15 ақпанда сағат 08:06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкен жанып, қирап қалған.

Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері анықталды. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына барды. 

Сағат 8:44- те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар.

Серіктес жаңалықтары