$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2024, 10:19
Оқиғалар

Өкпелеймін деп ажал құша жаздады: Қостанай облысында иен далада қалған тұрғын құтқарылды

Оны полиция тауып алған

Өкпелеймін деп ажал құша жаздады: Қостанай облысында иен далада қалған тұрғын құтқарылды
Видеодан кадр

Қостанай облысында иен жалада үсіп қала жаздағын ер адамды полиция қызметкерлері тауып, құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Наша газета» басылымының жазуынша, 13 ақпанда кешке Лисаков қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, ұлының жоғалып кеткені туралы арызданған. Екі достың сол күні қатты боранда Новоильновка ауылынан шығып кеткені белгілі болды. Жолда олар жанжалдасып, жолаушы жаяу кетуді жөн көреді. Ал жүргізуші өзіне өкпелеген досын далаға тастап, қалаға кетіп қалған.

Жоғалған адамды іздеуге дереу жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Данабек Игембердиев пен жол сақшысы Әлібек Жүнісов кіріседі.

«Мен бұл салада 3 жылдан бері қызмет етіп келе жатқандықтан, жергілікі аумақты жақсы білемін. Серігім екеуіміз қызметтік көлікті жолда қалдырып, далада қалған адамды жаяу іздедік. Біршама уақыттан соң тұрғынды қар үстінде жатқан жерінен таптық. Ол сол жерде бір жарым сағаттан астам уақыт жатып қалған екен, сол күйі тұра алмай қалуы да мүмкін еді», — дейді Игембердиев.

Әйел жалғыз ұлын аман алып қалған полицейлерге шын жүректен алғысын білдірді.

Қостанай облысының жол полициясы жүргізушілерді шұғыл хабарламаларға құлақ асуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары