$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада қызметші үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізген

25 жастағы үй қызметшісі ұсталды

Астанада қызметші үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа өткізген
Фото: freepik.com

Елордада қызметші үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде полицияға қаланың үш тұрғыны жүгініп, үйлеріне келіп-кететін қызметшінің ұрлық жасағанын хабарлаған. Ол негізінен пәтерлерден алтын бұйымдарды алып кетіп, ломбардқа өткізген.

Мәселен, полицияға елорда тұрғыны жүгініп, 187 мың теңгеге алтын бұйымдардың ұрланғаны туралы хабарлаған. Тағы бір жағдайда полицияға екі алтын сақина мен жұп сырға жоғалып кеткенін айтып әйел арызбен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 25 жастағы үй қызметшісін анықтады. Жұмыс берушілер алтын бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамай, бір айдан кейін ғана аңғарған.

Полиция қызметкерлері әйелдің ломбардқа тапсырған ұрланған зергерлік бұйымдарды ішінара тәркіледі. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары