07.01.2024, 14:11
Оқиғалар
Оралда үш автокөлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр
Фото: БҚО полиция департаменті
Оралда үш автокөлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды.
«Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деді Е.Уәлиев.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді