07.01.2024, 14:48
Оқиғалар
Жезқазғанда көліктен 250 мың теңге ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Бейнеден кадр
Жезқазғанда көліктен 250 мың теңге ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
23 жастағы қала тұрғыны ұрлық қылмысы туралы полицияға хабарлаған.
Ол көлігін ашық қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті 250 мың теңге мен банк карталарын жымқырып кетті.
Дүкенге орнатылған бейнекамераға ұрлық сәті түсіп қалған. Осылайша, полицейлер күдіктіні анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 55 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Айғақты заттар алынды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
