Талдықорғанда жоғалған 14 жасар қыздың анасы мен өгей әкесі ұсталды
Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында
Талдықорғанда 14 жастағы қыздың жоғалып кетуіне күдікті ретінде анасы мен өгей әкесі ұсталды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыздың өгей әкесі Президентке видеоүндеу жасаған, ол қызын өлтірді деп заңсыз айыпталған әйелін босатуды талап еткен.
«14 жастағы қыздың жоғалу дерегіне байланысты, күдікті деп танылған, қыздың туған анасы мен Тиктокта шағым-данған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты ,заңсыз тергеу әдістері расталған жоқ. Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.