$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.01.2024, 11:14
Оқиғалар

Оралда кафедегі жарылысқа қатысты жалға алушы қамауға алынды

Іс бойынша процессуалдық прокурорлар белгіленді

Оралда кафедегі жарылысқа қатысты жалға алушы қамауға алынды
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оралда кафедегі жарылысқа қатысты жалға алушы қамауға алынды. Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Прокуратура мәліметі бойынша «Rizyq» кафесіндегі өрт пен адамдардың қаза болуына байланысты БҚО ТЖ департаменті ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігіне (екі және одан көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«6 қаңтар күні аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. БҚО ТЖ және полиция департаменттері қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеу жоспарына сәйкес қажетті сараптамаларды тағайындады. Іс бойынша процессуалдық прокурорлар белгіленді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары