07.01.2024, 10:52
Оқиғалар
СҚО-да газ баллоны жарылып, 83 жастағы әжесі мен немересін күйік шалды
Мамандардың айтуынша, тұрғындар газ аспаптарын дұрыс қолданбайды
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысы Бексейіт ауылында газ баллоны жарылып, 83 жастағы әйел мен оның 21 жастағы немересін күйік шалды. Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға 5 қаңтар күні болған.
Сағат 19.43-те Мамлют ауданының № 15 өрт сөндіру бөліміне 27 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Салдарынан екі шаршы метр алаңда төбенің тартпасы жанған. Екі адам - 1940 жылы туған әйел және оның 2002 жылғы немересі күйікпен ауруханаға жеткізілді.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар газ аспаптарын дұрыс қолданбайды, қауіпсіздік ережесін сақтамайды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады