Алматы облысында 11 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды
Облыстық полиция қызметкерлері оны жақын туыстарына тапсырды
Алматы облысы полицейлері 11 күн бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы әйелді тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы аумақтық Полиция басқармасына із-түзсіз жоғалған 1990 жылы туған Мөлдір Әбдіманапованың туыстары хабарласқан.
«Арыз бірден Кеген ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, барлық қажетті іздестіру шаралары басталып кетті», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Қабылданған шаралардың нәтижиесінде жоғалған әйелдің мекенжайы анықталып, облыстық полиция қызметкерлері оны жақын туыстарына тапсырды.
«Сонымен қатар, азаматша А-мен. профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп атап өтті полковник Б. Әленов.