$ 521.57  601.01  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.01.2024, 12:58
Оқиғалар

Павлодар облысында автобус жер астына құлап кетті: екі адамның денесі табылды

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Павлодар облысында автобус жер астына құлап кетті: екі адамның денесі табылды
видеодан кадр

Төрт жолаушысы бар автобус Павлодар облысы Баянауыл ауданында орналасқан шахтаның жанындағы шұңқырға құлап кетті. Қаза тапқан екі адамның денесі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайың алтыны» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлаған болатын. Алдын ала  болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.

Апат кезінде автобуста төрт адам болған. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші екені белгілі болды.

Жұмысшылар Баянауыл ауданындағы оқиға орнынан видео түсіріп, ол әлеуметтік желіде таратылып кетті.

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының (КӘАҚҚ РО) ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жергілікті жерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

«ТЖД құтқарушыларының күшімен құмнан қаза тапқан екі жолдасымыздың денесі табылғанын өкінішпен хабарлаймыз. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылмады, іздеулер жалғасып жатыр», - делінген ПВАССС РО хабарламасында.

«Бұл қайғылы оқиға бәріміз үшін үлкен соққы және орны толмас қайғы. КӘАҚҚ РО қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті қолдауды көрсетеді, зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды», – делінген КӘАҚҚ РО хабарламасында.

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеп жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайыңзолото» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары, барлығы 44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары