$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.01.2024, 11:57
Оқиғалар

Павлодар облысында шахта маңындағы шұңқырға төрт жолаушысы бар автобус құлап кетті

Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды

Павлодар облысында шахта маңындағы шұңқырға төрт жолаушысы бар автобус құлап кетті

«Майқайыңзолото» АҚ кенішінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Алдын ала  болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.

«Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ», – деді департаментте.

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істп жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайыңзолото» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары, барлығы 44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары