$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.01.2024, 12:50
Оқиғалар

Атыраудағы жарылыста зардап шеккен екінші адам ауруханада көз жұмды

Тағы үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Атыраудағы жарылыста зардап шеккен екінші адам ауруханада көз жұмды
фото: freepik

Атыраудағы жарылыста зардап шеккен екінші адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2 қаңтар күні Атырау қаласының Көкарна ауылындағы тұрғын үйдегі жарылыстан бес адамды күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілген еді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханада қайтыс болғандар — ерлі-зайыптылар. Зардап шеккен үш ересек адам облыстық аурухананың, ал, 2021 және 2023 жылғы балақайлар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, ересек адамдардың денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Балалардағы күйіктің мөлшері — 80 пайыз шамасында. Олардың ішінде төрт айлық сәби бар.

«Бүгін, 4 қаңтарда газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шегіп, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен екінші адам қайтыс болды. Ол — 1970 жылғы әйел». -  деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары