Алматыдағы караоке клубтардың бірінің жанында ер адамды пышақтап кеткен
Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен
Алматыдағы караоке клубтардың бірінің жанында ер адамды пышақтап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 26 қарашада болған. Ер адамдар жанжалды шешу үшін сыртқа шыққан. Жанжалдасқандардың бірі пышақ алып шыққан.
Күдіктінің қашып кеткені хабарланды. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, күдікті спортшы және егіз бауыры бар.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.
«Дерек бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы, 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктіні ұстауға және іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.