Ақмола облысында жоғалған 103 жылқы табылды
Шығын көлемі шамамен 30 млн теңгеге бағаланды

Ақмола облысында далада тебінен жоғалған бір үйір жылқы табылып, иелеріне қайтарылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, 12 желтоқсанда Сандықтау ауданы Жыланды ауылының бірнеше тұрғыны жылқылары жоғалғанын айтып полициядан көмек сұраған.
«Бастапқы да тұрғындар өздері іздеп көрді, алайда одан еш нәтиже шықпаған соң полициядан көмек сұрады. Мал иелерінің сөзінше, 103 жылқы далада тебінде жүрген, желтоқсанның 5-і күндері жоғалып кеткен. Шығын көлемі шамамен 30 млн теңгеге бағаланды. Жоғалған жылқыны іздеу үшін криминалдық және жергілікті полиция қызметкерлері, бірнеше автокөлік пен дрон тартылды. Нәтижесіне жоғалған жылқылар ауылдан 30 шақырым қашықтықта жайылып жүрген жерінен табылды», - делінген хабарламада.